Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттегі медицина саласы қарқынды дамып келеді: заманауи жабдық, күрделі оталар және қолжетімді оңалту қызметтері

Шымкенттегі медицина саласы қарқынды дамып келеді: заманауи жабдық, күрделі оталар және қолжетімді оңалту қызметтері
Фото: gov.kz

Шымкент қаласында соңғы жылдары денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2024 жылдың өзінде қаладағы емдеу мекемелері заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, нәтижесінде техникалық жабдықталу деңгейі 83,8 пайыздан 87,6 пайызға дейін артты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазіргі таңда қалада 60 емхана халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Оның ішінде 14-і — мемлекеттік, 46-сы — жекеменшік емхана. Бұл емханаларда 1 миллион 258 мыңнан астам тұрғын тіркелген. 2022–2025 жылдар аралығында жаңадан 14 емхана ашылып, олардың орташа жүктемесі 25 мыңнан 21 мың адамға дейін төмендегені — атқарылған жүйелі жұмыстың айғағы. Сонымен қатар, 2024 жылдың басынан бері Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Жыланбұзған елді мекендерінде жаңа дәрігерлік амбулаториялар ашылды.

Медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Былтыр 1 130 жедел жәрдем қызметкері арнайы аттестаттаудан өтіп, кәсіби деңгейін көтеру мақсатында семинарларға қатысты. Осы және басқа да шаралар арқасында қалада жалпы аурушаңдық көрсеткіші төмендеп, ана мен бала өлімі біршама азайған.

«Шымкент қалалық балалар ауруханасында алғаш рет ерекше әрі күрделі нейрохирургиялық ота жасалды. 2,5 айлық сәбиге жасалған 5 сағаттық операция дәрігерлердің жоғары кәсібилігін көрсетті. Бұл — елімізде сирек жасалатын оталардың бірі. Сәбидің орталық жүйке жүйесі мен мойын-иегінде күрделі ақау болған. Қалалық дәрігерлер жүргізген жүрек, бауыр және бүйрек трансплантациялары сынды күрделі оталар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландырылды», - делінген баспасөз қызметінің хабарында. 

МӘМС жүйесі арқылы тұрғындардың медициналық оңалту қызметтеріне қолжетімділігі де айтарлықтай артты. Қалада кардиология, неврология, ортопедия, травматология, пульмонология және жалпы оңалту бағыттары бойынша 34 медициналық ұйым жұмыс істейді. 2024 жылдың басынан бері бұл орталықтарда 150 мыңға жуық оңалту процедурасы жүргізілген. Бұл – тұрғындардың инсульттен кейін, операциялар мен жарақаттардан кейін қалпына келуіне зор мүмкіндік беретін тегін қызметтер.

Жалпы, Шымкентте денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар өз нәтижесін беруде. Материалдық-техникалық базаның жақсаруы, білікті мамандардың жұмысы және заманауи медициналық қызметтерге қолжетімділіктің артуы — қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті