Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда мұздақ көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Алматыда мұздақ көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматының таулы аймағында сел жүруінің алдын алу мақсатында ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ күштерімен мұздақ көлдердегі су деңгейін реттеу бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Алматының биік таулы аймағындағы 6 мұздақ көлде жұмыстар жүргізілуде. Мамандар артық суды бұруды және көлдердегі қауіпсіз су деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз ете отырып, су бұру арналарының жағдайын жақсартып, оларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Кіші Алматы өзені бассейніндегі мұздақ көлге суды сорып шығару және бақылаулы түрде бұру үшін полиэтиленді сифондық құбырлар жеткізілді. Мұздақ көлдердің басым бөлігі жетуі қиын биік таулы аймақтарда орналасқандықтан, құбырларды, жабдықтар мен қажетті материалдарды жеткізу жұмыстары ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшақтарын жұмылдыра отырып жүзеге асырылады. Полиэтиленді құбырлар сифондау әдісімен мұздақ көлдердегі су деңгейін қауіпсіз белгіге дейін төмендету үшін пайдаланылады.

«Қазселденқорғау» осындай жұмыстарды су деңгейінің сыни деңгейге дейін көтерілуінің алдын алу және мұздақ көлдердің ықтимал жарылуына жол бермеу мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде жүргізеді. Алматының таулы аймағындағы гидрологиялық және сел жағдайы бақылауда. Сонымен қатар ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және халық пен қалалық инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

 

 

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді