Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматы тауларындағы мұздақ көлдердің жай-күйімен танысты

Дархан Сатыбалды Алматы тауларындағы мұздақ көлдердің жай-күйімен танысты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды таулы аймақтағы мұздақ көлдер мен селден қорғау инфрақұрылымының жағдайын тікұшақпен шолу арқылы тексерді. Бұған қала әкімінің орынбасарлары, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің, Төтенше жағдайлар департаментінің және сала басқармаларының басшылары да қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тікұшақпен шолу барысында «Медеу», «Үлкен Алматы», «Қарғалы» су бөгеттері мен Ақсай, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде орналасқан №6, 8, 9, 10 және 13-Бис мұздақ көлдері секілді негізгі селден қорғау нысандары қамтылды. Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» және Сейсмикалық қауіпсіздік пен жұмылдыру дайындығы басқармасы басшыларымен бірлесіп, алдағы жұмыстар талқыланды.

Бүгінде Алматы тауларында 51 мұздақ көл бар. Оның 14-інде бұзылу қаупі болса, 6-уы ең жоғары қауіп төндіретін нысандар қатарында. Бұл көлдер халық тығыз қоныстанған аймақтар арқылы ағатын өзендердің бастауында орналасқан.

«Қазселденқорғау» мекемесінің АГЭТУ басшысы Самат Дәуленқановтың айтуынша, қауіпті нысандарда су деңгейін төмендету, сифон желілерін іске қосу және эвакуациялық арналарды тазалау секілді алдын алу шаралары жоспарланған. Сондай-ақ, бақылау күшейтіліп, 31 автоматты станция, 23 бақылау бекеті мен 8 маусымдық нүкте жұмыс істеп тұр. Арнайы техникамен жабдықталған жедел іс-қимыл тобы құрылып, кезекшілік ұйымдастырылған.

Тікұшақпен шолу кезінде гидротехникалық құрылыстар – бөгеттер мен селден қорғау бөгеттерінің техникалық жағдайына ерекше назар аударылды. Кейбір нысандарға жөндеу немесе қайта құру шешімін қабылдау үшін жан-жақты тексеріс қажет екені анықталды. Сондай-ақ, таулы бөлімшелерді арнайы техникамен, құрал-жабдықтармен және метеоқұралдармен қосымша жабдықтау қажеттілігі айтылды.

Маршрут Алматы тау кластерінің орталық аймағы арқылы аяқталды. «Chimbulak Development» ЖШС директоры Ринат Әбдірахманов арқан жолдар желісін кеңейту, трассалар мен инфрақұрылымды дамыту жоспарын таныстырды. 2028 жылға қарай кластерлік аймақтың өткізу қабілеті күніне 6 мыңнан 34 мың адамға дейін артпақ. Жоба жеке инвесторлар мен халықаралық серіктестердің қаржысы есебінен жүзеге асырылып жатыр.

Қала басшысы туризмді дамыту табиғи қауіп-қатерлерден алматылықтар мен қала қонақтарын қорғау шараларымен тығыз байланыста жүргізілуге тиіс екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті