Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сегіз алтын және бірінші орын: Алматы IV Спартакиадада көш бастады

Сегіз алтын және бірінші орын: Алматы IV Спартакиадада көш бастады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы аясындағы жеңіл атлетика жарыстары аяқталды. Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша Алматы құрамасы 8 алтын, 9 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс 10-12 тамыз аралығында өтті. Алматы спортшылары 1256 ұпай жинады. 1064 ұпаймен Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы екінші, 903 ұпай жинаған Ақмола облысының командасы үшінші орынға ие болды.

Алматы құрамасының ең нәтижелі спортшыларының қатарында Рауан Бейсебай мен Нұрсұлтан Күлдеев бар. Рауан Бейсебай 110 және 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, сондай-ақ сырықпен секіруден үш алтын медаль жеңіп алды. Нұрсұлтан Күлдеев те үш рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, диск лақтыру, онсайыс және найза лақтырудан жеңімпаз атанды.

Команда қоржынына тағы бір алтын медальді 10 шақырымға спорттық жүрісте жеңіске жеткен Қуаныш Темірбаев салды. Андрей Набоков балға лақтырудан жеңімпаз атанып, сондай-ақ найза лақтыру мен ядро итеруден күміс медаль иеленді.

Елена Пономарева балға лақтырудан күміс, найза лақтырудан қола жүлдегер атанды. Гүлзат Желеубай диск лақтыру мен жетісайыстан екі күміс медаль жеңіп алды.

Спартакиаданың күміс жүлдегерлері қатарында 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Айша Ержанқызы, биіктікке секіруден Роман Бадулин, балға лақтырудан Антон Степанов және 10 000 метрге жүгіруден Несіпжан Марат бар.

Қола жүлделерді биіктікке секіруден Даниил Клюев, спорттық жүрістен Лиза Мұхамедқалиева және жетісайыстан Інжу Сағатбек иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы жалғасып жатыр. 10-15 тамыз аралығында Алматыда жүзуден жарыстар өтуде. 17-25 тамыз аралығында Орал қаласында шахмат, бадминтон, үстел теннисі, дзюдо, таеквондо, футбол, еркін және грек-рим күресінен жарыстар өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді