Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте Абай әлеміне арналған мерекелік концерт өтті

Шымкентте Абай әлеміне арналған мерекелік концерт өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«10 тамыз – Абай күні» аясында Шымсити паркінде «Адамзаттың перзенті – Ұлы Абай» атты концерттік кеш өтті. Шымкент қаласының өнер ұжымдары мен танымал орындаушылары қала тұрғындары мен қонақтарына Абайдың халық сүйіп тыңдайтын музыкалық туындыларын шырқап, арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты - хакімнің шығармашылығын кеңінен насихаттау, көркем әдебиетті, поэзияны, әндерін сүйіп тыңдайтын қала тұрғындарының рухани танымын кеңейту, театр құндылықтарын көрсете отырып көрермендер қатарын арттыру.
Кеш барысында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан әндер орындалды.
Атап айтқанда, Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы қазақ дарама театрының әртістері «Абай ауылы» прологын көркем түрде көрсетіп, “Шымкент концерт” концерттік ұйымы және Шымкент қалалық опера және балет театрының әншілерінің орындауында Л.Хамиди, А.Жұбановтың «Абай» операсынан «Тойбастар», Хор әртістерінің орындауында «Қарлығаш» және Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» т.б. әндері шырқалды.
Іс-шарада қала тұрғындар мен қонақтары хакімнің қара сөздері мен поэзиясынан қуат алып, керемет әсерге бөленді. Абай мұрасы - өшпес қазына. Бүгін шаһарда ұлы ақын, ойшыл, Абай Құнанбайұлының бай рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізіліп, мереке кең көлемде аталып өтті.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді