Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таза ауада жүгіру мен зумба: Спорт күні аясында ALMATY MOVE алматылықтарды біріктірді

Таза ауада жүгіру мен зумба: Спорт күні аясында ALMATY MOVE алматылықтарды біріктірді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Спорт күнін мерекелеу аясында Алматы қаласы Спорт басқармасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ALMATY MOVE қалалық жобасының кезекті іс-шаралары өтті. Өткен демалыс күндері қала тұрғындары ашық ауада өтетін жаттығудың бірден екі түріне тегін қатыса алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 тамызда Оңтүстік саябағында жүгіру жаттығуы өтіп, оған 30-дан астам адам қатысты. Жаттықтырушының жетекшілігімен тұрғындар өздеріне ыңғайлы қарқынмен жүгіріп, жаттығу алдында денені қыздыру және жаттығудан кейін бұлшықеттерді созу жаттығуларын жасады. Жаттығу форматы дайындық деңгейі әртүрлі адамдарға лайықталған.

9 тамызда Сайран көлінің саябақ аумағында 50-ден астам адам қатысқан зумба жаттығуы өтті. Сабақ қарқынды форматта ұйымдастырылып, фитнес құрылымдары мен латынамерикалық бағыттағы би қимылдарын қамтыды.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, ALMATY MOVE жобасы апта сайын қаланың әр ауданында өтіп, тұрғындарға таза ауада тегін спортпен айналысуға мүмкіндік береді. Жоба аясында жүгіру, йога, стретчинг, зумба және басқа да бағыттар бойынша жаттығулар ұйымдастырылады.

Алдағы іс-шаралардың хабарламалары мен олардың өтетін орыны туралы ақпарат ALMATY MOVE жобасы мен Алматы қаласы Спорт басқармасының Instagram-дағы ресми парақшаларында жарияланады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді