Алматыда қалалық Спорт басқармасының қолдауымен «Спорт-достық алаңы» бағдарламасы аясында тұрғындарға арналған тегін жүгіру жаттығуы басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба ірі қалалық жарыстарға дайындық аясында «Бірінші болу- батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр. Жаттығулар аптасына екі рет Орталық стадион аумағында өткізіледі. Сәрсенбі күндері қатысушылар сағат 19:30-да стадионның жүгіру жолында жаттықса, сенбі сайын таңғы 10:00-де стадион айналасында жиналады. Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет емес. Бағдарлама жүгіруді енді бастағандар мен ұзақ үзілістен кейін спортқа қайта оралғандарға арналған.Бүгін, 09:05
Алматыда тұрғындарға арналған тегін жүгіру жаттығулары басталды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз