Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада түнде салют атқан екі ер адам 5 тәулікке қамалды

Астанада түнде салют атқан екі ер адам 5 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды қолдану фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кезекті құқық бұзушылық фактісі елордадағы қонақүйлердің бірінің маңында анықталды. 50 жастағы ер адам болашақ келінінің туған күніне орай мерекелік салют ұйымдастырған. Алайда мерекенің жарқын финалы жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзған. Құқық бұзушы сот шешімімен бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Осыған ұқсас тағы бір жағдай елорданың тұрғын аудандарының бірінде тіркелді.

Анықталғандай, 26 жастағы ер адам қыз ұзату рәсімінен кейін жас отбасын көпқабатты тұрғын үйдің маңында салют атып құттықтауды ұйғарған. Алайда мерекелік мақсатқа қарамастан, оның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрғындарға қолайсыздық келтірген. Сот шешімімен құқық бұзушыға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Полиция қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді