Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Түрксіб ауданында демалыс күнгі жәрмеңке ашылады

Алматының Түрксіб ауданында демалыс күнгі жәрмеңке ашылады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Түрксіб ауданында Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшесінің қиылысында жаңа демалыс күнгі жәрмеңке ашылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде Алматы облысы Райымбек ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімін ұсынады. Фермерлік шаруашылықтардың тікелей қатысуы тұрғындарды делдалсыз, қолжетімді бағамен сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келушілер сиыр, жылқы және қой етін, сондай-ақ картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қияр, қызанақ пен алманы қоса алғанда көкөніс пен жеміс-жидекті сатып ала алады. Сонымен қатар жәрмеңкеде сүт өнімдері, бакалея тауарлары, жұмыртқа, шұжық өнімдері, бал, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, кептірілген жемістер мен үй жағдайында дайындалған нан-тоқаш өнімдері ұсынылады.

Жәрмеңкенің ашылуы Алматының барлық ауданында демалыс күнгі жәрмеңкелер желісін кезең-кезеңімен кеңейту аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта мұндай жәрмеңкелер Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Жетісу аудандарында жұмыс істейді. Ұйымдастырушы әрі әкімшісі – «Алматы» ӘКК.Сонымен қатар «Алматы» ӘКК демалыс күнгі жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта жұмыс Бостандық ауданындағы Қазақфильм шағынауданында жүргізілуде.

Жаңартылған жәрмеңкенің ресми ашылуы биылғы тамыз айына жоспарланған. Сондай-ақ жаңғырту жұмыстары Әуезов ауданында да жалғасуда. Осыған байланысты Әуезов ауданындағы жәрмеңке уақытша Рысқұлбеков көшесі, 33/2 мекенжайына көшірілді.Жаңғырту жұмыстары сауда алаңдарын кешенді жаңартуды көздейді. Оның аясында іргелес аумақ көркейтіліп, санитарлық инфрақұрылым жаңғыртылады, сауда конструкциялары ауыстырылып, инженерлік желілер тартылады. Кәсіпкерлер мен келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ нысандарды қолданыстағы заңнама талабы мен Алматы қаласының дизайн-кодына сәйкестендіруге ерекше назар аударылады.

Демалыс күнгі жәрмеңке әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

* Бостандық ауданы – Қазақфильм шағынауданы;

* Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

* Медеу ауданы – Меңдіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;

* Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;

* Жетісу ауданы – Құлагер шағынауданы;

* Түрксіб ауданы – Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшесінің қиылысы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді