Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылықтар шағын бизнесті дамытуға 86,5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады

Алматылықтар шағын бизнесті дамытуға 86,5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда «Almaty Business – 2030» өңірлік бағдарламасы аясында кәсіпкерлер шағын және микробизнесті дамыту үшін жылдық 6% немесе 9% мөлшерлемемен (ЖТСМ) жеңілдетілген несие ала алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржыландыруды «Алматы» ӘКК-нің еншілес ұйымы – «Almaty» микроқаржы ұйымы жүзеге асырады.

Бір қарыз алушыға берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 86,5 млн теңгеге дейін. Инвестициялық мақсаттарға берілетін несиенің мерзімі – 7 жылға дейін, ал айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін.

Жылдық 6% мөлшерлемемен (ЖТСМ – жылдық 6,2%-дан 6,6%-ға дейін) берілетін несиелер арнайы салық режимін (ӘОСА) қолданатын кәсіпкерлерге, әлеуметтік кәсіпкерлерге, Алматы индустриялық аймағы мен шағын өнеркәсіп парктерінің резиденттеріне, сондай-ақ шағын өнеркәсіп парктерін салу, жәрмеңкелер, гастрокөшелер, креативті хабтар мен коворкинг орталықтарын ұйымдастыру, креативті индустрияны дамыту және инновациялық бизнеске арналған инфрақұрылым құру жобаларын іске асыруға ұсынылады.

Жылдық 9% мөлшерлемемен (ЖТСМ – жылдық 9,5%-дан 9,9%-ға дейін) шағын және орта бизнестің өзге жобалары қаржыландырылады.

Бағдарламада айқындалған басым салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер жеңілдетілген несие ала алады. Олардың қатарында өндіріс, өңдеу өнеркәсібі, туризм, уақытша орналастыру қызметтері, креативті және IT-индустрия, мектепке дейінгі білім беру салалары бар.

Бұдан бөлек, гастрокөшелерді дамыту, Алматы тау кластерін дамыту және бірегей тұжырымдамасы бар нысандарды, оның ішінде ұлттық тағам ұсынатын мейрамханаларды ашу аясында қоғамдық тамақтану саласында жүзеге асырылатын жобалар да бағдарламаға енгізілген.

Бағдарламаға қатысудың негізгі талаптарының бірі – кәсіпкерлік қызметті Алматы қаласының аумағында жүргізу.

Жеңілдетілген несиелеу шарттары туралы толық ақпаратты +7 (727) 390-80-42 телефоны арқылы немесе mfoalmaty.kz сайтынан алуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді