Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте полиция мефедронның ірі партиясын тәркіледі

Шымкентте полиция мефедронның ірі партиясын тәркіледі
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында есірткі жеткізу және тарату арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері өңіраралық есірткі тасымалдаушыларды ұстады. Қарағанды қаласының 48 жастағы тұрғыны мен оның 37 жастағы жұбайы жеке автокөлікпен синтетикалық есірткінің ірі партияларын Алматыдан Шымкент қаласына жеткізіп, оларды еліміздің оңтүстік өңірлерінде одан әрі таратуды көздеген. Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғыштан жалпы салмағы екі келіге жуық мефедрон салынған, герметикалық түрде қапталған төрт орама табылды. Ұсталғандардың телефондарын тексеру барысында интернет-есірткі дүкенінің кураторымен жазысқан хат-хабарлары анықталды. Сол арқылы олар есірткіні тасымалдауға қатысты тапсырмалар алып отырған. Сондай-ақ жасалған есірткі қылмыстары үшін криптовалюта арқылы төленген сыйақылар туралы мәліметтер табылды. Қамқорлығында кәмелетке толмаған үш баласының болуына қарамастан ерлі-зайыпты заңсыз табыс табу жолын саналы түрде таңдаған. Жауап алу барысында ұсталғандар кінәларын толық мойындады.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның каннабис тобына жататын есірткі заттарын пайдаланғаны расталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жолы кесілген әрбір есірткі өткізу арнасы – дер кезінде тоқтатылған қауіп және ең алдымен жастарды есірткінің жойқын әсерінен қорғау. Ішкі істер министрлігі есірткі желілерінің қызметін олардың жасырыну тәсілдеріне қарамастан, мейлі көшеде болсын, мейлі цифрлық кеңістікте болсын, қатаң әрі дәйекті түрде тоқтату жұмысын жалғастырады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді