Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында есірткі курьері ұсталып, 287 орама мефедрон тәркіленді

Қарағанды облысында есірткі курьері ұсталып, 287 орама мефедрон тәркіленді
Фото: polisia.kz

Балқаш қаласының полиция қызметкерлері жедел ақпарат негізінде жүргізілген іс-шара барысында есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Теміртау қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде оның жанынан есірткіге тән иісі бар зат салынған 139 орама табылды. Күдіктінің жеке заттарын одан әрі қарау барысында тағы 110 орама анықталды. Сонымен қатар полицейлер жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде жасырын орындардан қосымша 38 орама тәркіленді. Осылайша заңсыз айналымға шығарылмақ болған жалпы саны 287 орама есірткі заттары қолға түсті.

Күдіктіден екі телефон да тәркіленді. Олардың ішіндегі хат алмасуларды зерделеу барысында "жетекшісінен" берілген нақты нұсқаулар анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың мефедрон екені расталды. Оның жалпы салмағы 300 грамнан асты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Kit
  • 09-07-2026, 12:37
  • : 12:37
References: Legiano Casino Spielautomaten https://alumni.skema.edu
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты