Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Қостанайда өңіраралық бағытта есірткі тасымалдаған курьер ұсталды

ІІМ: Қостанайда өңіраралық бағытта есірткі тасымалдаған курьер ұсталды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі ел аумағында есірткі заттарын байланыссыз тәсілмен өткізумен айналысатын интернет-дүкендердің заңсыз қызметін анықтау және жолын кесуге бағытталған "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында жүйелі жұмысын жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қостанай қаласында өңіраралық бағытта әрекет еткен интернет-есірткі дүкенінің 25 жастағы курьері ұсталды. Ол ел өңірлері арасында ірі көлемдегі есірткі партияларын тасымалдап, оларды кейіннен жасырып таратуға жеткізіп отырған. Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында есірткі заттары вакуумдық қаптамаларға салынып, құрғақ сүт қаптамаларының ішіне мұқият жасырылған. Бұл тәсіл оларды тасымалдау кезінде күдік туғызбауға және анықтауды қиындатуға бағытталған. Күдіктіні ұстау барысында заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1,5 келіден асатын есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде меткатинон психотроптық заты мен кептірілген марихуана болған. Сараптамалық есеп бойынша тәркіленген есірткі көлемі 10 мыңнан астам бір реттік дозаға тең, осылайша олардың ықтимал тұтынушыларға жетуіне жол берілмеді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларды, есірткі жеткізу арналары мен интернет-есірткі дүкенінің жұмысына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі интернет-есірткі дүкендерінің қызметіне кез келген деңгейде қатысу — ұйымдастырушы, оператор, "жасырын орынға қалдырушы" немесе курьер болсын — ауыр қылмыс екенін және заңнамаға сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді