Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорданың Орталық саябағында тәртіп пен тазалықты сақтау бойынша кезекті рейд өтті

Елорданың Орталық саябағында тәртіп пен тазалықты сақтау бойынша кезекті рейд өтті
Фото: polisia.kz

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған күнделікті профилактикалық рейдтер өтіп жатыр. Кезекті іс-шара елорданың Нұра ауданындағы Орталық саябақ аумағында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Рейдке аудан әкімдігінің қызметкерлері, Нұра аудандық полиция басқармасының өкілдері және еріктілер қатысты.Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және қала тұрғындары мен қонақтарының экологиялық жауапкершілігін арттыру.

Рейд барысында саябаққа келушілерге ескерту мазмұнындағы ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар мамандар қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды арнайы жәшіктерге тастау және табиғатқа жанашырлықпен қарау қажеттігін түсіндірді.

«Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қана емес, экологиялық тәртіп мәдениетін қалыптастыру. Әсіресе жаз мезгілінде демалушыларды қоқыс қалдырмауға, табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырамыз. Жастар арасында түсіндіру жұмысына ерекше көңіл бөлеміз. Заңға және қоршаған ортаға құрметті жастайынан қалыптастыру өте маңызды», – деді Нұра аудандық полиция басқармасы қоғамдық тәртіп бөлімінің бастығының орынбасары Азамат Әжібаев.

Елорда тұрғыны Әділет Омаров мұндай бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Бүгін отбасымызбен табиғат аясында серуендеуге шықтық. Біз балаларымызға қоғамдық тәртіпті сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үнемі үйретеміз. «Таза Қазақстан» жобасын әрдайым қолдаймыз, оның маңызын үйде балаларымызға да, жұмыста әріптестерімізге де түсіндіреміз. Елімізде заң мен тәртіп үстемдік құрып, қоғамда тыныштық орнап, табиғатқа жанашырлық әр адамның өмірлік ұстанымына айналса екен деймін», – деді ол.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясындағы профилактикалық рейдтер Астананың барлық алты ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
9 комментариев
References: Online pokies pay id rcmx.net
  • Merissa
  • 26-10-2026, 22:32
  • : 22:32
References: Instant payid pokies pokies payid accepted australia
  • Derrick
  • 27-10-2026, 22:02
  • : 22:02
References: Instant bank transfer withdrawal casino australia graph.org
  • Josie
  • 28-10-2026, 22:01
  • : 22:01
References: BPay online casino games pad.nantes.cloud
References: $10 MiFinity casino Australia how to withdraw casino winnings with MiFinity
  • Lasonya
  • 29-10-2026, 01:35
  • : 01:35
References: Play pokies with BPay bpay online pokies australia
  • Casey
  • 29-10-2026, 01:35
  • : 01:35
References: Highest paying payid pokies australia rcfl.com.hk
  • Phoebe
  • 29-10-2026, 16:32
  • : 16:32
References: Online casino neosurf bonus dok.kompot.si
  • Sheryl
  • 30-10-2026, 10:04
  • : 10:04
References: Safe wire transfer casinos australia http://madk-auto.ru/user/sheepbath2/
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды