Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Той кортежі: Түркістан облысында ЖҚЕ бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Той кортежі: Түркістан облысында ЖҚЕ бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы орталық көшелердің бірінде үйлену тойының кортежіне қатысқан жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары Mercedes-Benz, BMW, LADA және ВАЗ 5 автокөлік жүргізушілерінің жеке басын нақтылады. Олар жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны, қос тұтас жолақ сызығын кесіп өткені, арнайы жарық белгілерін  заңсыз орнатқаны және жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қауіп төндіретін қауіпті маневрлер жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушылардың автокөліктері мамандандырылған айыптұраққа қойылды. Өз кезегінде полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге және қоғамдық тәртіпті құрметтеуге шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді