Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында полицейлер экологиялық құқық бұзушылықтардың жолын кесуде

Қарағанды облысында полицейлер экологиялық құқық бұзушылықтардың жолын кесуде
Фото: polisia.kz

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Қарағанды облысында полиция қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға қатысты жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір тәуліктің ішінде тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген орындарға төккен үш жүк автокөлігі анықталды. Бұл жағдай экологиялық талаптарды сақтауды күшейтудің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды арттырудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Заң талаптарын бұзған үш жүк көлігі бірден мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Көлік жүргізушілері заң аясында жауапқа тартылды. Сонымен қатар заңсыз қоқыс үйіндісін толық тазарту міндеті жүктелді. Айта кету керек, Қарағанды облысының экология департаменті қоршаған ортаға келтірілген залалдың нақты көлемін анықтағанға дейін аталған көлік иелеріне қайтарылмайды. Табиғатқа келтірілген шығын көлеміне сәйкес есептелген өтемақы толық өтелгеннен кейін ғана жүк көліктері заңды иелеріне беріледі. Бұл шара – құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартумен қатар, табиғат қорғау заңнамасын бұзуға ниетті өзге азаматтар үшін де тиімді алдын алу тетігі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді