Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Балқашта судағы қауіпсіздік күшейтілді: рейд барысында бірқатар заң бұзушылық анықталды

Балқашта судағы қауіпсіздік күшейтілді: рейд барысында бірқатар заң бұзушылық анықталды
Фото: polisia.kz

Балқаш көлінде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы, Балқаш қаласы полиция бөлімінің желілік полиция бөлімшесі және төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бірлескен рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кең ауқымды тексерулердің негізгі мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде заң талаптарының сақталуын бақылау. Рейд барысында катерлер мен қайықтардың көмегімен Балқаш көлінің акваториясы мен халық көп шоғырланатын демалыс орындары тексерілді. Сонымен қатар өңір тұрғындары мен туристерге судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру кезінде шағын көлемді кемелердің иелері мен оларды басқарушылар тарапынан жіберілген бірқатар құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, кемені басқару құқығы жоқ адамға беру және тиісті құқығы жоқ азаматтың су көлігін басқару фактілері тіркелді. Бұдан бөлек, үш адам құтқару кеудешесінсіз су көлігінде болғаны анықталса, жеті жасқа дейінгі баланы белгіленген талаптарды бұза отырып серуендетудің бір дерегі тіркелді. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай жанармай құюдың екі фактісі, кеменің жолаушылар сыйымдылығын асырудың бір жағдайы, су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзудың екі дерегі және кеме бортынан қоқыс тастаудың бір фактісі анықталды.

Барлық құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Қарағанды облысы полиция департаменті мен Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасы азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Құтқару кеудешесін пайдалану, шағын көлемді кемелерді заң талаптарына сәйкес пайдалану және басқару құқығын растайтын құжаттарсыз су көлігін жүргізбеу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі. Балқаш көлінің акваториясында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жазғы демалыс маусымы аяқталғанға дейін тұрақты түрде жалғасады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді