Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда полиция судағы қауіпсіздікті робот-иттің көмегімен қамтамасыз етуде

Маңғыстауда полиция судағы қауіпсіздікті робот-иттің көмегімен қамтамасыз етуде
Фото: polisia.kz

Шомылу маусымының қызған шағында Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтары арасында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шаралар “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында ұйымдастырылып, демалушыларға рұқсат етілмеген орындарда шомылудың қауіпі, белгіленген шекарадан асып жүзудің салдары, сондай-ақ балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау қажеттігі түсіндірілуде. Биыл профилактикалық жұмыстарға заманауи технология да тартылды. Полиция қызметкерлерімен бірге жағалау аумағын робот-ит патрульдеуде. Ол камералар мен дауыс зорайтқыш жүйесінің көмегімен шомылуға тыйым салынған орындарда жүрген азаматтарды анықтап, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ескертеді.

Талдау көрсеткендей, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі арнайы жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарда болады. Сонымен қатар судағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін 90 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция азаматтарды тек арнайы рұқсат етілген жағажайларда демалуға, белгіленген қауіпсіздік шекарасынан аспауға, мас күйінде суға түспеуге және балаларды үнемі бақылауда ұстауға шақырады. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірін сақтап қалудың ең тиімді жолы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді