Түркістан қаласында ұйымдастырылатын барлық мәдени-көпшілік, мерекелік және бұқаралық іс-шарада қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Осыған орай “Керуен сарай” туристік кешенінде өткен жалпықалалық Open Air концерті кезінде Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Концертке 15 мыңға жуық тұрғын мен қала қонақтары қатысты. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалап, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізді. Қызметтің үйлесімді ұйымдастырылуының нәтижесінде концерт жоғары деңгейде өтіп, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол берілген жоқ.
Полиция тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігі әрдайым басты назарда екенін атап өтіп, кез келген бұқаралық іс-шара кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізеді.