Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы қаласының бас полицейі жеке құрамға жаңа жыл мерекелері кезіндегі қызметі үшін алғыс білдірді

Алматы қаласының бас полицейі жеке құрамға жаңа жыл мерекелері кезіндегі қызметі үшін алғыс білдірді
Фото: polisia.kz

Алматы қаласының бас полицейі жеке құрамға жаңа жыл мерекелері кезіндегі қызметі үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін "Астана" алаңында Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жаңа жыл мерекелері кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған полицияның кешенді күштерінің бірыңғай саптық жиынын өткізіп, жеке құрамға жауапты әрі адал қызметі үшін алғыс айтты. Саптық жиынға патрульдік және әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, көші-қон қызметі, арнайы мақсаттағы бөлімшелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатысты. Жеке құрамға қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарда қала тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз ету міндеттері жүктелді. Жиын барысында сөз сөйлеген полиция департаментінің бастығы мереке күндері полиция қызметінің маңызы айрықша артатынын атап өтті.

- Жаңа жыл мерекелері кезеңінде полиция қызметкерлеріне жүктелетін жауапкершілік бірнеше есе күшейеді. Сіздердің үйлесімді еңбектеріңіздің, жоғары кәсібиліктеріңіз бен тәртіпке беріктіктеріңіздің арқасында қалада қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, азаматтардың өз құқықтарының қорғалуына деген сенімі нығая түсуде. Әрқайсыңызға қызметтік борышқа адалдықтарыңыз бен заң мен тәртіп қағидаттарына беріктіктеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, - деді Арыстанғани Заппаров.

Қазіргі уақытта бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарға, қоғамдық кеңістіктерге, көлік тораптарына және жол инфрақұрылымына ерекше назар аударылуда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы бақылау күшейтілді.

- Патрульдік экипаждар мен жаяу жасақтардың саны арттырылып, жедел әрекет ету және барлық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл күшейтілді. Әрбір қызметкер құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтарға көмек көрсетуге бағдарланған. Басты мақсатымыз — алматылықтар мен қала қонақтарының Жаңа жылды тыныш әрі қауіпсіз қарсы алуы, — деп атап өтті алып шаһардың бас полицейі. 

Жаңа жыл түні Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полицияның мыңдаған қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тартылды. Кезекшілік тәулік бойы ұйымдастырылып, барлық қызметтің үйлестірілуі жедел басқару орталығы арқылы жүзеге асырылуда. Алматы қаласы полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті