Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ботаникалық бақта қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдік 15 тәулікке қамалды

Ботаникалық бақта қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдік 15 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында елордалық полиция қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті үздіксіз жүргізіп келеді. Ботаникалық бақта көпшіліктің көзінше дәрет сындырмақ болған 38 жастағы шетелдік әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шетел азаматы Ботаникалық бақ аумағында көгалдың үстінде көпшілік алдында дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, өзгелерге анық құрметсіздік танытқан.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері заңсыз әрекетті тоқтатып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал рәсімдеді.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адамды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Полиция қоғамдық орындар азаматтардың тынығып, демалуына арналғанын, мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске салады.

Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық мораль нормаларын бұзатын кез келген әрекет заң аясында тиісті бағасын алады.

«Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Қоғамдық тәртіпті бұзудың әрбір жағдайы дер кезінде тоқтатылып, заң аясында шара қолданылады. Жазаның бұлтартпастығы – құқық бұзушылықтың алдын алу мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарының бірі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді