Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Алакөл көлінде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді

Үкімет Алакөл көлінде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Жетісу облысы Алакөл көлі жағалауын қорғайтын бөгет салу жобасын жүзеге асыруға Үкімет резервінен 3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.Бөлінген қаражат ұзындығы 6 шақырым қорғаныс бөгетін салуға бағытталады, оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылына, 3,5 шақырымы Ақши ауылына тиесілі.

Бұған дейін 2025 жылы 1,7 шақырым учаскеде нығайту, жер қазу, бетон құю жұмыстары жүргізіліп, габион құрылымдарын орнату жұмыстары аяқталды. Жалпы алғанда, құрылыс-монтаждау жұмыстарының шамамен 25%-ы орындалды.

Жобаның жүзеге асырылуы Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи тасымалдануы мен қайта бөліну жүйесін сақтауға мүмкіндік береді. 

Қорғаныс инфрақұрылымын қалыптастыру өңірдің туристік әлеуетін дамытуға және демалушылар мен жергілікті тұрғындар үшін жағдай жасауға ықпал етеді.

Соңғы екі жыл ішінде Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай Солтүстік Қазақстан және Павлодар сияқты алты өңірде жалпы ұзындығы 243 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері мен құрылыстары салынып, нығайтылды.

Үкімет су және туристік инфрақұрылымды дамытуға, табиғи ресурстарды сақтауға және өңірлердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобалардың жүзеге асырылуын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді