Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Алматы – Қаскелең» учаскесінде жолды 8 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары басталды

«Алматы – Қаскелең» учаскесінде жолды 8 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары басталды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында ұзындығы 8 шақырымды құрайтын «Алматы – Бішкек» автомобиль жолының Алматы қаласынан Қаскелеңге дейінгі учаскесін кеңейту жобасы іске асырыла бастады. Қазіргі таңда жолдың жүру бөлігін 8 жолаққа дейін кеңейту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға, жол желісінің кептеліс деңгейін төмендетуге және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру аясында қолданыстағы жол учаскесінде заманауи көлік инфрақұрылымы қалыптастырылады. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 527 метрді құрайтын 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, жалпы ұзындығы 282 метр болатын 2 кері бұрылыс көлік айрығы, автопавильондары бар 23 автобус аялдамасы, ұзындығы 12,9 шақырым сыртқы жарықтандыру жүйесі, су өткізу құрылыстары және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи элементтер салынады. Сонымен қатар, ұзындығы 18,5 шақырымнан асатын металл тосқауыл қоршаулар орнатылып, 305 жол белгісі қойылады.

Қазіргі уақытта нысанда қажетті жол-құрылыс техникасы мен мамандар толық жұмылдырылған. Жұмыс алаңында экскаваторлар, бульдозерлер, автосамосвалдар, фронтальды тиегіштер, автогрейдерлер және өзге де арнайы техникалар тартылған. Бүгінде құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр: топырақтың құнарлы қабаты алынып, жол жолағы шегіндегі жасыл желектер тазартылып, құрылыс жұмыстарының келесі кезеңдерін жүргізуге арналған аумақ әзірленуде.

«Алматы – Қаскелең» учаскесін жаңғырту қолданыстағы инфрақұрылымдық шектеулерді жоюға және осы бағыттағы жүк және жолаушылар трафигінің одан әрі өсуіне ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді