Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды

Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің оңтүстігінде көлік байланысын едәуір арттыратын және халықаралық бағыттардағы транзиттік әлеуетті нығайтатын ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында республикалық маңызы бар «Сарыағаш айналма жолы» автожолының құрылысы ресми түрде басталды. Сарыағаш айналма жолын салу транзиттік көлікті қала шегінен шығарып, қалалық жол желісіне түсетін жүктемені азайтады және Өзбекстан бағытындағы қозғалысты едәуір жылдамдатады. Бұл негізгі транспорттық бағыттардың қауіпсіздігін, жайлылығын және өткізу қабілетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Жоба аясында ұзындығы 102,6 шақырым болатын I-а техникалық санаттағы төрт жолақты заманауи автожол салынады. Жол халықаралық стандарттарға сай жобаланған және қауіпсіз әрі үздіксіз көлік қозғалысына жағдай жасайды.

Сарыағаш айналма жолының іске асырылуы өңір экономикасына айтарлықтай әсер етеді: жүк және жолаушылар транзиті жеделдейді, шекара маңындағы сауданың тартымдылығы артады, Түркістан облысының халықаралық маршрутардағы көлік түйіні ретіндегі рөлі күшейеді.

Сонымен қатар, Түркістан облысында жол желісін модернизациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы – 678 шақырым. Жобалар аясында негізгі маршруттарда 5 күрделі және орташа жөндеу жұмысы жүзеге асырылуда, олардың жалпы ұзындығы – 99,2 шақырым, соның ішінде транспорттық қиылыстар мен көпірлердің реконструкциясы бар.

2026 жылы қозғалысты бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін орната отырып, «Шымкент – Қызылорда» автожолында жалпы ұзындығы 103 шақырым болатын орташа жөндеудің 5 қосымша жобасы жоспарланған, бұл көлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаларды кешенді жүзеге асыру өңірде заманауи және қауіпсіз жол желісін қамтамасыз етеді, көлік қызмет көрсету деңгейін көтереді және Қазақстанның Орталық Азиядағы транзиттік әлеуетін нығайтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады