Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жастарға қандай жағдай жасалып жатыр

Астанада жастарға қандай жағдай жасалып жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада жастардың білім алуына, жұмыспен қамтылуына, өзін-өзі дамытуға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, басым бағыттардың бірі – жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Еңбек мобильділігі орталығымен бірлесіп «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 4 мыңнан астам жас қамтылды.

«Биыл жастар мен азаматтардың өзге де санаттарын жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған 19 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

«Жасыл ел» жобасы белсенді түрде іске асырылуда. Соның нәтижесінде екі ай ішінде 3725 жас жұмыспен қамтылды. Маусым соңына дейін 5200 қатысушыны жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда.
JOLTAP және «FREELANCE МҮМКІНДІК» жобалары аясында сұранысқа ие 17 мамандық пен цифрлық құзыреттер бойынша қысқа мерзімді оқыту жүргізілуде. Бірінші жартыжылдықта жұмысшы мамандықтары бойынша 1843 адам, цифрлық дағдылар бойынша 1162 адам оқытудан өтті. 2026 жылдың соңына дейін 8 мыңнан астам маманды даярлау жоспарланып отыр.

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жастарды жұмылдыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыруға ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері экологиялық эстафеталар, Есіл өзенінің жағалауын тазарту акциялары, ағаш отырғызу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және қалдықтарды сұрыптау бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. Іс-шараларға елорданың 150 мыңнан астам жас тұрғыны қатысты», - дейді спикер.

Оның сөзіне сүйенсек, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жалпы қамтуы 120 мыңнан асатын 80-нен астам іс-шара өткізілді. Олардың қатарында құқықтық квесттер, автожорықтар, жастар кездесулері, спорттық турнирлер және Наурыз мерекесі кезінде жұмыс істеген «Заң және тәртіп» тақырыптық киіз үйі бар.

Жастар арасында есірткінің алдын алуға бағытталған «ESIRTKISIZ ELORDA» жобасы ерекше орын алады. Жыл басынан бері психологтардың қатысуымен кездесулер, дәрістер мен тренингтер өткізіліп, 700-ден астам студент қамтылды. Прокуратурамен, Полиция департаментімен және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, есірткі жарнамаларын бояп өшіру бойынша 219 рейд ұйымдастырылды.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – волонтерлік қозғалысты дамыту. Барлық еріктілер «Волонтерлер мектебінде» оқудан өтіп, алғашқы көмек көрсету негіздерін, Қазақстан тарихын, коммуникация дағдыларын және ірі іс-шараларда жұмыс істеу машықтарын меңгереді.

«Волонтерлер халықаралық және республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысады, қарт адамдарға көмек көрсетеді, қайырымдылық және экологиялық акциялар өткізеді.
Әскери-патриоттық тәрбие де маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. «Жас сарбаз» жобасы аясында елорданың 111 мектебі мен 34 колледжінде шамамен 2 мың тәрбиеленушіні біріктіретін бейіндік сыныптар мен клубтар жұмыс істейді.

Отбасы институтын нығайту мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы жүзеге асырылып, оның аясында оқыту семинарлары, шеберлік сабақтары, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өткізіледі. Жыл басынан бері оларға 300-ден астам жас отбасы қатысты», - деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Қалада сондай-ақ 8 аула клубы мен 7 «Замандас» жастар коворкингі жұмыс істейді. Оларға негізінен әлеуметтік осал санаттағы шамамен 4500 бала мен жас қатысады. Олар үшін спорттық және шығармашылық бағыттағы 124 үйірме мен секция тегін жұмыс істейді.

Студенттік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

«Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар ұйымдарымен, депутаттық корпуспен, білім беру ұйымдарымен және мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруда. Жұмыспен қамту, білім беру, волонтерлік, патриоттық тәрбие, жас отбасыларды қолдау және жастар инфрақұрылымын дамыту салаларындағы жобаларды кешенді іске асыру жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасап, оның елорданың қоғамдық өміріндегі рөлін арттыруға ықпал етеді», - деп Самат Ибраев сөзін қорытындылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді