Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл басынан бері 131 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

Жыл басынан бері 131 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды
Фото: gov.kz

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 131,3 мың адам қамтылып, 200,4 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықты жұмыспен қамтуды арттыру, кәсіпкерлікті дамыту және азаматтарды кәсіби оқыту бойынша қабылданып жатқан кешенді шаралар Үкіметтің ерекше бақылауында. Бұл міндеттерді іске асырудың негізгі тетіктері ретінде өңірлік жұмыспен қамту карталары, ұлттық жобалар және салалық мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Жұмыспен қамту саясатының маңызды бағыттарының бірі – субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру. Бүгінде мұндай жұмыс орындарына 69,8 мың адам орналасқан. Оның ішінде: қоғамдық жұмыстарға – 49,6 мың адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 8,2 мың адам, жастар практикасына – 4,9 мың жас маман, ал «Күміс жас» жобасы аясында – 7,1 мың адам.

Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа дағдыларды меңгеру мен азаматтардың біліктілігін арттыру мәселесіне де ерекше назар аударылуда. Онлайн оқумен 37,5 мың жұмыссыз азамат қамтылып, олардың 29,3 мыңы оқу курстарын аяқтап, тиісті сертификаттарға ие болды.

Сонымен қатар халықтың кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы да жалғасуда. Жыл басынан бері кәсіпкерлік негіздеріне 21 мың адам оқытылып, оның ішінде 10 мың адам оқуын аяқтап, сертификат алды.

Жұмыс берушілердің сұранысы негізінде кәсіби оқытуға 3 040 адам жіберілді. Оның 78-і оқуын аяқтап, 46 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл шара өңірлік еңбек нарықтарының қажеттіліктеріне сай мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге мансап орталықтарында азаматтарға кәсіптік бағдар беру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және консультациялық қызметтермен 170,6 мың адам қамтылды. Бұл азаматтардың мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатыны және міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы арқылы расталатынын айта кету керек.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша барлығы 200,4 мың адам жұмысқа орналастырылды:

– халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясында – 69,8 мың адам;

– Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына – 69,9 мың адам;

– Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында – 55,7 мың адам;

– орталық мемлекеттік органдар іске асырып жатқан жобалар шеңберінде – 5 мың адам.

Сонымен қатар халықтың кәсіпкерлік белсенділігін қолдау мақсатында 2026 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде, яғни 1 730 000 теңге көлемінде 9 мың мемлекеттік грант беру көзделген.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары еліміздің барлық өңірінде жалғасуда. Бұл жұмыстар халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, азаматтардың табысын арттыруға және адами капиталды дамытуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды