Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да есірткі плантациясын өсірген күдікті анықталды

ШҚО-да есірткі плантациясын өсірген күдікті анықталды
Фото: polisia.kz

ШҚО-да есірткі плантациясын өсірген күдікті анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында полиция қызметкерлері есірткі құрамы бар өсімдіктерді заңсыз егу фактісінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке үй аумағынан жабдықталған "үй плантациясы" табылды. Тергеу барысында жергілікті тұрғынның ғаламтор арқылы қарасора тұқымын сатып алғаны, одан кейін оны фитошамдардың көмегімен үй жағдайында өсіруді ұйымдастырғаны анықталды. Кейін өсімдіктер бақшаға ауыстырылып, күтімі сонда жалғасқан. Ер адам өсірілген қарасораның бір бөлігін кептіріп, жеке мақсатында пайдаланған.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері 31 түп қарасораны, кептірілген өсімдік тектес затты, есірткі қолдануға арналған құрылғыны, сондай-ақ өсімдіктерді өсіруге пайдаланылған фитошамды тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктер қарасора тұқымдасына жатады. Тамыры мен топырағынсыз есептегендегі жалпы салмағы 5 келіден асады, бұл заңнамада аса ірі мөлшер ретінде сараланады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Полиция есірткі құрамы бар өсімдіктерді заңсыз егу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын және құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында екенін еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді