Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жылыжайдағы 125 түп қарасора: Теміртау маңында үй жағдайында ұйымдастырылған есірткі плантациясы жойылды

Жылыжайдағы 125 түп қарасора: Теміртау маңында үй жағдайында ұйымдастырылған есірткі плантациясы жойылды
Фото: polisia.kz

Теміртау маңында полицейлер үй жағдайында ұйымдастырылған есірткі плантациясын жойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында полицейлер заңсыз есірткі өсірумен айналысқан кезекті жылыжайдың қызметін тоқтатты. Теміртау қаласына жақын орналасқан елдімекендердің бірінде жүргізілген жедел іс-шара барысында көкөніс өсіруге арналған жылыжайдың есірткі құрамды өсімдіктерді баптайтын орынға айналғаны анықталды.

Аталған іс-шара есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған “Қарасора — 2026” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді. Теміртау қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері мен Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

– Жеке тұрғын үйдің аумағын тексеру барысында үй іргесіндегі жер телімінен және арнайы жабдықталған жылыжайдан қарасора тектес есірткі құрамды 125 түп өсімдік анықталды. Сонымен қатар тінту кезінде шаруашылық құрылыстарының бірінен өсімдік тектес кептірілген есірткі заттары мен тіркелмеген аңшылық мылтық тәркіленді. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті қарасораны арнайы жасалған жағдайларда өздігінен өсіріп келген, – деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді. 

“Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жүйелі түрде жалғастырып, мұндай қылмыстарды анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру бағытындағы жұмыстарды күшейте береді. “Қарасора — 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілуі ерекше бақылауда, ал есірткі қылмысына қарсы күрес – ішкі істер органдары қызметінің негізгі басымдықтарының бірі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді