Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында әкесінің пәтерінде қарасора өсірген тұрғын анықталды

Қарағанды облысында әкесінің пәтерінде қарасора өсірген тұрғын анықталды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында әкесінің пәтерінде қарасора өсірген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында полицейлер 70 жастағы зейнеткердің пәтерінен заңсыз ұйымдастырылған қарасора өсіру орнын әшкереледі. Тінту барысында үй жағдайында арнайы жабдықтармен өсірілген қарасора бұталары табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аталған өсімдіктер пәтер иесінің 33 жастағы ұлына тиесілі. Оның айтуынша, ол күз мезгілінде қарасора тұқымдарын әкеліп, әкесінің пәтерінде шағын жылыжай ұйымдастырған.

Тәртіп сақшылары қарасора өсірілген құмыраларды, өсімдіктерге қажетті микроклиматты қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды, сондай-ақ қағазға оралған кептірілген өсімдіктерді заттай дәлел ретінде тәркіледі. Зейнеткердің ұлы тұқымдардың өзіне тиесілі екенін растады. Оның мәлімдеуінше, қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсірген. Сондай-ақ күдікті есірткі заттарын біршама уақыт бойы тұтынып жүргенін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтыну фактісін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, заң аясында тиісті шешім қабылданады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады