Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аялдамаға қатысты жанжалдан кейін автобус терезесін сындырған астаналық 20 тәулікке қамалды

Аялдамаға қатысты жанжалдан кейін автобус терезесін сындырған астаналық 20 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

Елордада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында вандализмнің кез келген жағдайы мен қоғамдық тәртіпті бұзу ісіне қатаң тосқауыл қойылып отыр. Жүргізушімен жанжалдан кейін автобустың әйнегін сындырған жолаушы сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше,  қалалық автобустардың бірінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті сындырғаны туралы хабарлама түскен.

Тексеру барысында 44 жастағы ер адамның жеке басы анықталды. Белгілі болғандай, жанжалдың шығуына автобус оның түсуі тиіс аялдамаға тоқтамай, өтіп кеткені себеп болған. Осыдан кейін жолаушы жүргізушімен сөзге келіп, ашуға булығып, жүргізуші кабинасы мен салонды бөліп тұрған әйнекті жұдырығымен ұрып сындырған.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ол келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Полиция кез келген даулы жағдай заң аясында шешілуі тиіс екенін еске салады. Агрессивті әрекет, мүлікті бүлдіру және қоғамдық тәртіпті бұзу заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді