Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл басынан бері 8 мыңнан астам алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді

Жыл басынан бері 8 мыңнан астам алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда 2026 жылдың басынан бері әлеуметтік қолдауға мұқтаж 8 192 тұрғынға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Арнайы әлеуметтік қызмет ерекше қажеттілігі бар адамдарға, қарттарға, сондай-ақ өмірінде қиындық болып жатқан азаматтарға көрсетіледі.

Стационарлық жағдайда 1 402 адамға қызмет көрсетілді. Жартылай стационарлық форматта 1 399 азамат қажетті көмек алды.

Үй жағдайында 4 614 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді. Оның ішінде жалғыз тұратын зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтар бар.

Бұған қоса, 777 азаматқа, оның арасында тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге және өзге де әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға уақытша болу қызметі ұсынылды.

Қалада аталған санаттағы тұрғындарды әлеуметтік қолдау, оңалту және қоғамға бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді