Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев СҚО-дағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалармен танысты

Нұрлыбек Нәлібаев СҚО-дағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалармен танысты
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысына барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, энергетикалық және аграрлық жобалардың барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавл қаласында Нұрлыбек Нәлібаев трансформаторлар мен электротехникалық жабдықтардың құрамдас бөліктерін өндіруге маманданған «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Жобаның жалпы құны 10 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорында 200 жаңа жұмыс орны ашылған. Өндіріс қуаты жылына 13 мың дана өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары өңірдегі теміржол жылжымалы құрамын өндіретін ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі «ЗИКСТО» ЖШС қызметімен танысты. 2025 жылы мұнда жалпы аумағы 12 мың шаршы метрді құрайтын жаңа зауыттың құрылысы аяқталып, роботтандырылған заманауи технологиялық желі іске қосылған болатын. Жобаның жалпы құны 25 млрд теңгені құрады, 300 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмыс сапары барысында CLAAS ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру зауыты, «Масло-Дел» ЖШС май экстракциялау зауыты, «Зеленый Север» ЖШС жылыжай кешені және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да болды. Аталған жобалар өңірдің өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға, шикізатты терең өңдеуге бағытталған.

Сапар барысында энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Петропавл ЖЭО-2 нысанында Премьер-министрдің бірінші орынбасары 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы, жөндеу және инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Кәсіпорынның бас директоры Анатолий Казановскийдің айтуынша, кейінгі жылдары стансадағы технологиялық бұзушылықтар саны айтарлықтай төмендеген.

«2022 жылы кәсіпорында 103 технологиялық бұзушылық тіркелген болатын. Ауқымды жөндеу бағдарламаларының нәтижесінде 2024–2025 жылдары бұл көрсеткіш 55-ке дейін төмендеді, ал өткен жылу беру маусымының қорытындысы бойынша тек 23 жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта жаңа жылыту кезеңіне дайындық қарқынды жүргізілуде. 2025 жылы инвестициялық бағдарламаның көлемі 15 млрд теңгені құраса, биыл бұл мақсатқа 16,2 млрд теңге қарастырылған», — деді Анатолий Казановский.

Нұрлыбек Нәлібаев Петропавл қаласындағы Универсальная көшесіндегі жол өткелі құрылысының жобасымен танысты. Бүгінде нысан 90%-ға дайын. Бұдан бөлек, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Пестрое көлі жағалауындағы эко-паркке барды. Жоба рекреациялық инфрақұрылымды дамытуға, ішкі туризмді қолдауға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған.

«Эко-парк – тұрғындар мен балалы отбасылар үшін қолайлы демалыс орны. Мұнда веложолдар мен жаяу жүргіншілер аймақтары қарастырылып, халықтың жайлы демалуына барлық жағдай жасалған. Мемлекет басшысы атап өткендей, қалалар таза әрі өмір сүруге қолайлы болуы тиіс. Петропавлда халық игілігі үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ендігі міндет – жобаны сапалы аяқтап, осындай бастамаларды жүйелі түрде жалғастыру», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Одан кейін Нұрлыбек Нәлібаев Новоникольское ауылындағы «Зенченко и К» КС-нің заманауи тауарлы сүт фермасына барды. Заманауи нысан 8 мың басқа арналып «Карусель» қондырғысымен жабдықталған. Жобаның жалпы құны 9 млрд теңгені құрайды, ал өндіріс орны 2026 жылдың тамыз айында іске қосылады деп жоспарлануда.

Бүгінде «Зенченко и К» КТ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісін көрсетіп келеді. Кәсіпорын қаражаты есебінен Новоникольское ауылында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынуда. Соңғы бес жылда әлеуметтік жауапты бизнес ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін 3,2 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады. Аталған жобалардың жүзеге асырылуы Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік және аграрлық әлеуетін нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды