Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада экология саласының белсенділері марапатталды

Астанада экология саласының белсенділері марапатталды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Сарыарқа ауданы әкімінің ғимаратында Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара және марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиында ұйымдастырушылар экология саласының қазіргі уақыттағы өзектілігін атап өтіп, елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, табиғатты қорғау жолында еңбек етіп жүрген сала мамандары мен ардагерлерге шынайы алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында Астананың экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл белдеуді дамытуға және табиғатты қорғауға елеулі үлес қосқан бірқатар сала мамандары, экологтар мен ардагерлер марапатталды. Атап айтқанда, Астана қаласы Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбековке «Экология саласының үздігі» медалі табысталды.

Сондай-ақ, Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов аталған медальді табыстады. Сонымен қатар, басқа да бірқатар маман түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар экология саласына үлес қосқан азаматтарға алғысын білдіріп, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Салтанатты жиын соңында мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды