Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада автокөліктерді тұраққа қою ережелерін сақтау бойынша бақылау күшейтілді

Елордада автокөліктерді тұраққа қою ережелерін сақтау бойынша бақылау күшейтілді
Фото: polisia.kz

Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы Астана қаласының Полиция департаментімен бірлесіп, автокөлік құралдарын тұраққа қою және тоқтату қағидаларының сақталуын тұрақты негізде бақылауда ұстап келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кезекті тексеру Айтматов көшесі, 77/7 мекенжайында орналасқан тұрғын үй тұрғындарының өтініші негізінде жүргізілді. Тұрғындар көлікті тұраққа қою қағидаларының жүйелі түрде бұзылатынын, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тұрақ орындарын заңды құқығы жоқ жүргізушілердің иеленіп жүргенін хабарлаған.

Оқиға орнына жедел түрде барған қызметкерлер құқық бұзушылық фактілерінің толық расталғанын анықтады. Тәртіп бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қызметтердің жедел әрекет етуі тұрғындарға, оның ішінде жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға, аула аумағында еркін әрі қауіпсіз жүруіне мүмкіндік береді.

Уәкілетті органдар қаладағы жол инфрақұрылымы тұрақты бақылауда екенін еске салады. Астанада құқық бұзушылықтарды анықтау және тіркеу үшін заманауи техникалық құралдар пайдаланылады. Мобильді және стационарлық бақылау жүйелері көлікті тоқтату мен тұраққа қою қағидаларын бұзу фактілерін автоматты түрде тіркейді.

«Тұраққа қоюға тыйым салынады», «Тоқтауға тыйым салынады» жол белгілерінің талаптарын бұзған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды заңсыз иеленген көліктер айыппұл тұрағына эвакуациялануы мүмкін.

Құқық қорғау органдары көлік иелерінің назарын жолдар мен аулалардағы қауіпсіздік әрқайсымызға байланысты екеніне аударып отыр. Дұрыс қойылмаған автокөлік немесе көру мүмкіндігін шектейтін кедергілер жаяу жүргіншілер үшін үлкен қауіп төндіреді. Олардың қатарында егде жастағы адамдар, жүріп-тұруы шектеулі азаматтар және ең бастысы балалар бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды