Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан азамат ұсталды

Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан бұрын сотталған азамат ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері есірткі заттарын таратумен айналысқан күдіктіні ұстады. Арнайы операцияны қалалық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізді. 43 жастағы жергілікті тұрғын "жасырын қойманы" орналастыру кезінде қолға түскен. Тексеру барысында оның психотроптық заттардың әсерінде болғаны анықталды. Тінту кезінде күдіктіден ақ түсті ұнтақ зат салынған 20 орама тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 20 грамнан асатын "A-PVP" психотроптық заты екені белгілі болды. Тергеу барысында күдіктінің планшетінен әлеуметтік желі арқылы белгісіз куратормен жазысқан хаттары табылды. Полицейлердің болжамынша, аталған тұлға оның заңсыз әрекеттерін үйлестіріп отырған. Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс үшін сотталғаны анықталды. Жаңа құқық бұзушылық жасаған сәтте оның бұрынғы соттылығының мерзімі әлі аяқталмаған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді