Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда «Алматы тұрақтары» мобильді қосымшасында тіркелген жүргізушілер Төмен шығарындылар аймағына (LEZ) кірген сәтте push-хабарлама ала бастайды. Жаңа хабарландыру жүйесі биыл 28 сәуірден бастап іске қосылған көлік легін цифрлық есепке алу инфрақұрылымын енгізуге бағытталған техникалық пилоттық жобаның бір бөлігі болып табылады. Бұл туралы ШЖҚ «Алматы паркинг» КМК өкілдері  мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламалар аймаққа кіргені жүйе арқылы тіркелген көлік иелеріне жіберіледі. Хабарлама мәтінінде пилоттық режимде жұмыс істейтін Төмен шығарындылар аймағына кірген күні, www.almaty-parking.kz сайтының сілтемесі және +7 (727) 390 8000 байланыс нөмірі көрсетіледі.

Пилоттық жоба Бөгенбай батыр көшесінің оңтүстігі, Абай даңғылының солтүстігі, Желтоқсан көшесінің шығысы және Достық даңғылының батысы аралығындағы аумақта жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде жүргізушілер үшін қозғалысқа ешқандай шектеу, айыппұл немесе жол жүру ақысы қарастырылмаған. Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – технологиялық платформаның жұмысын сынақтан өткізу және қала инфрақұрылымының дайындық деңгейін бағалау.

Пилоттық кезеңнің басты міндеті – арнайы бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу үдерісін бақылау. Оның ішінде көліктерді кешенді есепке алу жүйесі мен LEZ аймағына кіретін көлік легін талдау модулі қамтылады.

Техникалық пилоттық кезең биыл 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде аталған аумақтағы қозғалыс бұрынғы қалыпты режимде жүзеге асырыла береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды