Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

МӘСҚ пилоттық жобаның аралық қорытындысын шығарды – 17 мыңнан астам әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалды

МӘСҚ пилоттық жобаның аралық қорытындысын шығарды – 17 мыңнан астам әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалды
Фото: pixabay.com

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 2025 жылғы 15 қазанда іске қосылған әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде тағайындау жөніндегі пилоттық жобаның аралық қорытындыларын шығарды. Адами факторды жоюға бағытталған жаңа алгоритм жұмыс істеген екі айда жүйеде 33 743 өтініш қаралды, оның ішінде 17 284 өтініш бойынша  автоматты режимде оң шешім қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа тәсілді енгізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бір жұмыс күніне дейін қысқарту және өтінімдерді қараудың негізгі кезеңдерін оңтайландыру есебінен процестердің ашықтығын арттыру болып табылады.

Жоба «Электрондық үкімет» (egov.kz) порталы, электрондық еңбек биржасы (enbek.kz), екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және проактивті қызмет арқылы келіп түскен өтініштер негізінде қалыптастырылған электрондық іс макеттерін қамтиды.

Электрондық өтініштер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде кешенді тексеруден өтеді. Жүйе төлем алу құқығының басталуын, әлеуметтік аударымдарды төлеудің уақтылығы мен дұрыстығын, сондай-ақ құжаттардың толық пакетінің болуын автоматты түрде растайды.

Егер өтініш белгіленген критерийлерге сәйкес келсе, шешім автоматты түрде қабылданады, содан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама жіберіледі. Мұндай өтініштер бойынша шешім қабылдауға адамның қатысуы толығымен алынып тасталды. Жүйе қандай да бір сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда электрондық іс макеті МӘСҚ филиалдарының мамандарының қарауына автоматты түрде беріледі.

Айта кету керек, пилоттық жоба тек тағайындау туралы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту, мөлшерін қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдерді автоматты түрде шығаруды көздейді. Автоматты шешімдердің дұрыстығына мониторингті МӘСҚ мамандары күнделікті жүргізіп отырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті