Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда төмен эмиссиялы аймақ (LEZ) пилоттық режимде іске қосылды

Алматыда төмен эмиссиялы аймақ (LEZ) пилоттық режимде іске қосылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда 28 сәуірден бастап төмен эмиссиялы аймақтың (LEZ) техникалық пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пилоттық режим Бөгенбай батыр көшесінен оңтүстікке қарай, Абай даңғылынан солтүстікке қарай, Желтоқсан көшесінен шығысқа және Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан аумақта жүзеге асырылуда. Жобаның операторы — «Алматы Паркинг» МКК.

Қазіргі кезеңде жүйе сынақ режимінде жұмыс істейді. Жүргізушілер үшін қозғалысқа шектеу, айыппұл немесе кіру ақысы қарастырылмаған.

Негізгі мақсат — цифрлық инфрақұрылымды сынақтан өткізу және көлік ағыны мен олардың ауа сапасына әсері туралы деректер жинау.

Сынақ режимі аясында мынадай жұмыстар жоспарланған:
— «ақылды» камералардың, радарлық сенсорлардың және көлікті автоматты тану жүйелерінің нақты ауа райы мен жол жағдайында дұрыс жұмыс істеуін тексеру;
— көлік ағыны мен ауа сапасы датчиктерінің дерегін сәйкестендіріп, белгілі бір аумақтағы трафиктің экологияға әсері туралы объективті көрініс қалыптастыру;
— деректерді қорғаулы арналар арқылы беру жүйесін реттеу және ІТ-мамандар, экологтар мен жол қозғалысын басқару қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау. Бұл болашақта кез келген реттеуші шешім қабылдауға дейін бірыңғай әрі сенімді цифрлық платформа қалыптастыруға мүмкіндік береді;
— қалалық мобильділікке терең талдау жүргізуге және «ақылды қала» стратегиясын әзірлеуге қажетті деректер базасын қалыптастыру.

Пилоттық кезеңде негізгі назар технологияларды шектеу шараларын енгізбестен сынақтан өткізуге бағытталған. Басқарма мамандары атап өткендей, бұл автокөлік иелерін шектеуге қатысты емес, ең алдымен технологияның тиімділігін тексеруге бағытталған. 

«Біз датчиктердің деректерді қаншалықты дәл жинайтынын, жүйелердің қаншалықты жылдам ақпарат алмасатынын және инфрақұрылымның дайындық деңгейін бағалаймыз. Болашақта нақты деректерге сүйене отырып, қаланың ауасын жақсартуға мүмкіндік беретін сенімді цифрлық негіз қалыптастырамыз», — деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Сынақ кезеңі 2026 жылы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Көрсетілген аумақта қозғалыс қалыпты режимде жүзеге асырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады