Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қоғамдық орындарда кальян шеккен құқық бұзушылар жауапқа тартылды

Астанада қоғамдық орындарда кальян шеккен құқық бұзушылар жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Астанада қоғамдық орындарда кальян шеккен құқық бұзушылар анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері заңмен тыйым салынған орындарда кальян шегу деректерін анықтау және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда кальян және темекі өнімдерін тұтынуға байланысты 4 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.

Рейдтік іс-шаралардың бірінде полиция қызметкерлері қаладағы бір мекемеден заң бұзушылықты анықтады: келуші жабық ғимарат ішінде кальян шеккен, бұл заң талаптарына қайшы келеді. Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігі бойынша тыйым салынған жерде темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Еске саламыз, Қазақстан аумағында кальян шегуге мейрамханаларда, барларда, клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда тыйым салынған. Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, ал мекеме иелерін белгіленген нормалардың орындалуын қадағалауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді