Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада Astana Half Marathon өтеді

Елордада Astana Half Marathon өтеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

7 маусым күні елордада мерейтойлық, бесінші рет Astana Half Marathon жарысы өтеді. Бұл — корпоративтік «Смелость быть первым» қоры ұйымдастыратын Астанадағы ең ірі жүгіру додасы. Шараға әлемнің 30-дан астам елінен 7000 қатысушы жиналады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Astana Half Marathon-ға арнайы ашылған almaty-marathon.kz⁠ сайты арқылы тіркелуге болады.

Жарыстың старт және финиш алаңы – «Қазақ елі» монументі маңындағы «Тәуелсіздік» алаңы. Оның жолы елорданың негізгі урбанистикалық нысандары мен көрікті жерлері арқылы өтеді.

Іс-шараға қатысушылар, жанкүйерлер және старт қалашығының қонағы еркін кіре алады. Жартылай марафон бағыты кейінірек толық жарияланады.

«Бес жыл бұрын «Смелость быть первым» қоры елордада жүгіру мәдениетін дамыту және бұқаралық спортты насихаттау мақсатында алғашқы Astana Half Marathon ұйымдастырды.

Осы жылдар ішінде жарыс қаланың ең ірі спорт бағытындағы іс-шаралардың біріне айналып, Қазақстан мен шетелден қатысушыларды көптеп келе бастады. Әлемнің барлық астаналары жүгіреді, ал Астананың аз еңіс рельефі, жазғы ауа райы және қолайлы логистикасы ірі халықаралық жүгіру жарыстарын дамытуға және спорттық туризмді ілгерілетуге толық мүмкіндік береді», – деді корпоративтік қордың атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Жарыс дәстүрлі түрде төрт қашықтықты қамтиды: 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс және командалық эстафета – «Экиден». Қатысуға кәсіби спортшылар да, әуесқой жүгірушілер де шақырылады.

Белгіленген уақыт ішінде қашықтықты бағындырған барлық қатысушыға медаль беріледі.

Сонымен қатар, жартылай марафон аясында Қазақстан жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп, 21,1 км қашықтыққа арналған Қазақстан чемпионаты өтеді. Елдің ең мықты жеңіл атлеттері стартқа шығып, нәтижелері федерацияның ресми есебіне енгізіледі.

Жарыс халықаралық деңгейдегі AIMS қауымдастығына кіреді және World Athletics тасжол сертификатына ие.

Astana Half Marathon өткізу, оның ішінде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар, Қазақстан Республикасында 2026-2028 жылдарға арналған бұқаралық спортты дамыту жол картасына енгізілген.

Іс-шара бағдарламасы: 05:00 – старт-финиш қалашығының ашылуы;
05:30 – бой қыздыру;
05:45 – 21,1 км және эстафета қатысушыларын сапқа тұрғызу;
06:00 – 21,1 км және «Экиден» эстафетасының басталуы;
06:20 – бой қыздыру;
06:35 – 10 км және скандинавиялық жүріс қатысушыларын сапқа тұрғызу;
06:50 – 10 км және скандинавиялық жүрістің басталуы;
08:50 – марапаттау рәсімі
10:00 – финиш аймағын жабу;
11:00 – іс-шараның ресми аяқталуы.

Astana Half Marathon елорда әкімдігінің қолдауымен өтеді. Іс-шараны 2012 жылдан бері Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту бағытында жұмыс істейтін «Смелость быть первым» корпоративтік қоры ұйымдастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды