Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада ASTANA TRIATHLON half турниріне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Елордада ASTANA TRIATHLON half турниріне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Астана қ.әкімдігі

13 шілде күні елорданың Орталық саябағында ауқымды спорттық шара – ASTANA TRIATHLON half турнирі өтеді. Осыған байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс Орталық саябақтан басталып, Ильинка аумағында аяқталады. Қатысушылар келесі үш кезеңнен өтеді: жүзу – 1,9 км; веложарыс – 90 км; жүгіру – 21,1 км.Іс-шараның өтуіне байланысты, әсіресе веложарыс бағыты өтетін көшелерде қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.Веложарыс бағыты: Басталуы – Орталық саябақ (Орталық жағажай маңы); Тұран даңғылына шығып, көпір астымен солға бұрылу; Тұран даңғылымен Қорғалжын тасжолына дейін (оң жақ жолақпен) жүру; Қорғалжын тасжолынан оңға бұрылып, айналма жолға дейін жүру (оң жақ жолақ); Айналма жолға солға бұрылып, қарсы бағыттағы жолақпен жүру; Кейін 3 шеңбер бойынша Қорғалжын тасжолынан Қосшы (Қарқаралы) бағытына дейін – сол жақ жолмен жүру; Шеңберлерді аяқтаған соң, қайтадан Қорғалжын тасжолына түсіп, Ильинка жақтан веложолға кіру; Мәре сызығы веложол бойындағы велопрокат тұрағы.

Жүгіру кезеңі веложол аумағында өтеді.Қала тұрғындары мен қонақтарынан алдағы күндері жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді сұраймыз.Қосымша ақпаратты қалалық триатлон федерациясының Instagram желісіндегі @astana_triathlon ресми парақшасынан алуға болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті