Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

WorldSkills Almaty – 2026 қорытындыланды: 470-тен астам қатысушы және 57 құзырет

WorldSkills Almaty – 2026 қорытындыланды: 470-тен астам қатысушы және 57 құзырет
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда XI өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты WorldSkills Almaty – 2026 мәресіне жетті. Жарысқа 470-тен астам колледж студенті қатысып, 57 құзырет бойынша шеберлік көрсетті. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс 25-27 наурыз аралығында өтті. Негізгі алаңдар «Атакент» ҚІЫО базасында, сондай-ақ қала колледждерінде ұйымдастырылды. Қатысушылар ақпараттық технологиялар, құрылыс, өндіріс, көлік және логистика, өнер және дизайн, қызмет көрсету және білім беру бағыттарын қамтитын 7 салада бақ сынады.

Биыл жарыс бағдарламасы кеңейіп, «Шатыр жабу жұмыстары» мен «Құтқару жұмыстары» секілді жаңа құзыреттер енгізілді. Бұл еңбек нарығындағы сұранысқа сай мамандықтардың артып келе жатқанын көрсетеді.

Қатысушылардың жұмысын 500-ден астам сарапшы бағалады, олардың 30%-ы – жұмыс берушілер өкілдері. Бағалау ашықтығын қамтамасыз ету үшін CIS цифрлық жүйесі қолданылды.

Чемпионат қорытындысы бойынша:
1-орынды — 75 қатысушы,
2-орынды — 89 қатысушы,
3-орынды — 71 қатысушы иеленді.
77 қатысушы «Кәсібилік үшін» медальонымен марапатталды.

Кей бағыттарда жеңімпазды анықтау оңайға соқпай, қатысушылардың нәтижелері тең түсті.

Негізгі жарыстармен қатар 9-сынып оқушыларына арналған JasSkills Almaty – 2026 және ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттерге арналған Abilympics жарыстары өтті.

Чемпионат алаңдарына 12 мыңнан астам оқушы келді. Олар үшін «Менің болашақ мамандығым» атты кәсіптік бағдар беру жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Салтанатты жабылу рәсімі 30 наурыз күні Оқушылар сарайында өтті. Өңірлік кезең жеңімпаздары Алматы құрамасына еніп, елордада өтетін WorldSkills Kazakhstan – 2026 ұлттық чемпионатында қаланың намысын қорғайды.

Чемпионатты өткізу қолданбалы дағдыны дамытуға және қазіргі экономиканың талаптарына сай білікті мамандар даярлауға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады