Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жүздеген шақырым инженерлік желі жаңғыртылып, көлік жуу орындарына бақылау күшейтіледі

Алматыда жүздеген шақырым инженерлік желі жаңғыртылып, көлік жуу орындарына бақылау күшейтіледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда инженерлік инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 49%-ға, ал су бұру желілерінің тозуын 48%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Сонымен қатар қалада коммуналдық нысандарды цифрлық бақылау жүйелері енгізіліп, суды ұтымды пайдалану мақсатында көлік жуу орындарына қойылатын талап күшейтілуде. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2025 жылы Алматыда 390,7 шақырымнан астам сумен жабдықтау желісі салынып, жаңғыртылды. Соның арқасында желілердің тозу деңгейі 51%-ға дейін төмендеген.

«Қазір қалада кезекті жөндеу маусымы басталды. 2026 жылы тағы 339,1 шақырым су желісін салу және жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл тозу деңгейін 49%-ға дейін төмендетуге және коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс Алматының барлық ауданында жүйелі түрде қолға алынған», — деді Нұрбақыт Серікбай», — деді ол.

Су бұру саласында былтыр 311,9 шақырым желі салынып, жаңғыртылды. Соның нәтижесінде тозу деңгейі 49%-ға дейін төмендеді. Биыл тағы 285,1 шақырым желіні салу және жаңарту жоспарланған. Бұл көрсеткішті 48%-ға дейін жеткізу көзделген.

Алматыда коммуналдық саланы цифрландыру аясында қалада АСУТП автоматтандырылған басқару жүйелері енгізілуде. Олар сумен жабдықтау және су бұру нысандарын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.

«АСУТП жүйесі апаттық жағдайларды жедел анықтауға, жабдықтардың сенімділігін арттыруға және су мен электр қуатының шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар үдерістерді автоматтандыру коммуналдық жүйені тиімді басқаруға және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға көмектеседі. Бұл қала инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды қадамы», — деді басқарма басшысы.

Алматыда су ресурстарын тиімді пайдалануға да ерекше мән берілген. Қаладағы көлік жуу орындарында суды қайта пайдалану жүйелері енгізіліп жатыр.

Қазіргі таңда мұндай жүйелер 162 нысанда орнатылған, оның ішінде 33-і биыл іске қосылған. Сонымен қатар барлық көлік жуу орындары деректерді автоматты түрде жіберетін заманауи су есептеу құрылғыларымен жабдықталған. 2026 жылы 1 мамырдағы жағдай бойынша тиісті талапқа сәйкес келмегені үшін қалада 146 автожуу орнының жұмысы тоқтатылды.

«Бүгінде желілерді жаңғыртып қана қоймай, су ресурсын пайдалануға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру маңызды. Көлік жуу орындарындағы қайта сумен жабдықтау жүйесі ресурстарды тұтынуды және қала жүйесіне түсетін жүктемені едәуір азайтады. Сондықтан бұл бағыттағы бақылау жалғасады», — деп сөзін түйіндеді Нұрбақыт Серікбай.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді