Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 800-ден астам тексеру жүргізді

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 800-ден астам тексеру жүргізді
Фото: gov.kz

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 808 тексеру жүргізді, оның 325-і жоспардан тыс, 239 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 244 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 374 ұйғарым берілді, 49,9 млн теңгеден астам сомаға 253 айыппұл салынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 39, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 210, мемлекеттік мекемелер – 62, балабақшалар – 35, мектептер – 83, колледждер, лицейлер – 13, ауруханалар, емханалар – 76, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 47, автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар – 38, ДК – 23, дүкендер – 55, сауда үйлері – 10, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 16, полиция пункті – 4, стоматология – 6, кітапхана – 3, мәдениет үйлері – 10, мұрағаттар мен мұражайлар – 3, санаторийлер – 3, пошта қызметі бөлімшесі – 6, спорт мектептері – 14, нотариус – 1, банктер – 10, оңалту орталықтары – 2, өзге де 39 объекті қамтылды.  

Мәселен, ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініштері негізінде «Астана қаласы полиция департаментінің Нұра аудандық полиция басқармасы» ММ және «Астана қаласы полиция департаментінің Есіл аудандық полиция басқармасы» ММ-нің ғимараттарына мүгедектігі бар адамдардың кіруі бойынша әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексерулер нәтижелері бойынша бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді. Сонымен қатар, «Астана қаласы полиция департаменті Нұра аудандық полиция басқармасы» ММ-сі ғимаратының меншік иесі «US Лимитет» ЖШС-гі ҚР ӘҚБтК 83-бабы 1-бөлігі 1-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 235 920 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Бұл ретте әлеуметтік инспекторлардың айтуынша барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды. 

«№3, 6, 8, 11 және 14 қалалық емханаларында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолайлылығы үшін тиісті жағдайлар жасалған: арнайы автотұрақ орындары бөлініп, кіреберіс аймақтары пандустармен жабдықталған. Көру қабілеті бұзылған жандар үшін кіреберісте тактильді мнеможүйелер орнатылып, ғимарат ішінде бағыттаушы жолақтар қарастырылған. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген әмбебап кабиналар бар. Осындай қолжетімділік талаптары халыққа қызмет көрсететін басқа да нысандарда — дәріханаларда, дүкендерде, сұлулық салондарында және дәмханаларда да ескеріліп, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың кедергісіз қызмет алуына жағдай жасалуда», – деп бөлісті Астана қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар Аман Ажар.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті