Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында 760 мыңнан астам зейнетақы және жәрдемақы алушы бар

Түркістан облысында 760 мыңнан астам зейнетақы және жәрдемақы алушы бар
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында 760 286 зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушы бар. Оның ішінде 205 610 азамат жасына байланысты зейнетақы алушы болса, 188 746-ы базалық зейнетақы алушы және 365 930  азамат жәрдемақы алады. Бұл туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшының орынбасары Марат Архаров брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

– Департамент тарапынан 2025 жылдың 11 айында әлеуметтік қорғау саласы бойынша 168 018 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Е-макет» жүйесі арқылы барлық тағайындалған әлеуметтік төлемдер саны - 305 566. Оның 136 879-ы жаңадан тағайындалғандар, ал 168 687-і қайта қаралып бекітілгендер. Түркістан облысы бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жәрдемақыларды арттыру жұмыстары толық жүргізіліп, төлемге жолданды. Жасына байланысты зейнетақы – 10%-ға көбейді, ал базалық зейнетақы төлемі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне байланысты көбейді  - деді спикер.

Сонымен қатар, Марат Аманғалиұлы 2025 жылдың 11 айында облыс бойынша мүгедектігі бар адамдардың саны 102 526-ға жеткендігін айтты. Бұл республика бойынша жалпы мүгедектер санының 13,7%-ын құрайды. Мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 15 524-і (15,1%) - балалар болса, қалғаны 87 002-і (84,8%) - 18 жастан жоғары ересектер. 2025 жылдың 11 айында 6 398 адам алғашқы рет мүгедек болып танылған.

Департамент тарапынан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жұмыстары да жалғасып келеді. Бұл бағыт бойынша бүгінгі таңға дейін 104 тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысымен жалпы 55 нысанға 10 млн 223,2 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 9 млн 751,4 мың теңгесі өндірілген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті