Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында жүргізушілерге айыппұлды уақытылы төлеу ескертілді

Павлодар облысында жүргізушілерге айыппұлды уақытылы төлеу ескертілді
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында "Борышкер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтееме жасап.

Іс-шараның негізгі мақсаты — әкімшілік айыппұлдарды төлемеген азаматтарды анықтап, жауапкершілікке тарту және жазаның бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету. Рейдтің алғашқы күнінде-ақ қарызы бар жүргізушілерден 3 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Сонымен қатар заң талаптарын орындамаған жеті көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Солардың бірі — облыс орталығында тоқтатылған ВАЗ-2112 автокөлігі. Белгілі болғандай, оның иесі 110 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұлды уақытында төлемеген. Көлік арнайы тұраққа қойылғаннан кейін ғана жүргізуші жағдайдың маңызын түсінгенін айтқан.

Павлодар облысы ПД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьяновтың айтуынша, борышкерлерді анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар 21 мамырға дейін жалғасады. – Айыппұлдар туралы білдім, бірақ үнемі төлеуге уақыт таппадым. Соның салдарынан көлігімнен уақытша айырылып қалдым. Бұл жағдай айыппұлды уақытында төлеудің маңызын көрсетті, – деді көлік иесі. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мүліктің тәркіленуіне жол бермеу үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеуге шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді