Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында 218 борышкердің автокөлігі айып тұрағына қойылды

Жамбыл облысында 218 борышкердің автокөлігі айып тұрағына қойылды
Фото: pixabay.com

Жамбыл облысында 218 борышкердің автокөлігі айып тұрағына қойылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25-28 ақпан аралығында Жамбыл облысында «Борышкер-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Профилактикалық іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылардан салынған айыппұлдарды өндіріп, сондай-ақ халықты әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттілігі туралы хабардар ету болып табылады. Жолдағы рейдтер кезінде патрульдік полиция қызметкерлері борышкерлердің тиісті дерекқоры бойынша көліктердің нөмірлерімен тексеруде. Егер жүргізуші осы тізімде табылса, көлік қарызы өтелгенге дейін айып тұрағына қойылады.

– Рейдтің екі күнінде өндірілген сома 34 миллион 901 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері борышкерлердің 1429 мекенжайлары бойынша аулаларын аралап шықты. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес мамандандырылған айып тұрағына 218 борышкердің автокөлігі қойылды, – деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығының орынбасары Ержан Мананбаев. 

Естеріңізге салсақ, әкімшілік айыппұлды жеті күн ішінде өтесеңіз, айыппұл сомасының 50 пайыз мөлшерінде төлеуге мүмкіндік бар. Айыппұлдарды онлайн режимінде электрондық үкімет порталының көмегімен egov.kz және qamqor.gov.kz, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ олардың мобильдік қосымшалары арқылы тексеруге және төлеуге болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті