Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді

Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді
Фото: polisia.kz

Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысының полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған кешенді және жүйелі жұмысты жалғастыруда. Іс-шаралар барысында 14 қаңтар күні Қарағанды қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікпен 21 және 39 жастағы екі күдікті ұсталды.

Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан әртүрлі телефондар, электронды таразылар, қаптама материалдары, сондай-ақ өсімдік және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылып, тәркіленді. Атап айтқанда, жалпы салмағы шамамен 30–40 грамды құрайтын жасыл түсті спайс тәрізді зат салынған 30-дан астам орама, сондай-ақ ақ және қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заттары бар, жалпы салмағы 10 грамнан асатын орамдар анықталды. Тергеу барысында күдіктілердің 2025 жылдың тамыз айынан бастап есірткі заттарын таратумен айналысқан интернет-дүкендердің бірінде курьер ретінде заңсыз қызмет атқарғаны белгілі болды. Олардың әрекетін "StroyKz09" лақап атымен тіркелген белгісіз адам ұйымдастырып отырған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді