Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында жылдамдықты шектен тыс асырған жүргізушілер анықталды

Түркістан облысында жылдамдықты шектен тыс асырған жүргізушілер анықталды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында жылдамдықты шектен тыс асырған жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар тасжолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жан-жақты шаралар атқаруда. Соңғы үлгідегі “Кибер-шериф”, “Кордон про М”, дрон арқылы жол ережесін бұзушыларды анықтап, ескерту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жаңа құрылғылардың мүмкіндігі жоғары, үш қатар жолаққа бақылау жасап, автокөліктерді 150 метр қашықтықтан тіркей алады. Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің мемлекеттік тіркеу белгілері арқылы тани отырып, инспекторды хабардар етеді. Оның ішінде “Кибер-шериф” арқылы іздеуде жүрген көлік құралын тез арада анықтауға болады.

Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – жылдамдықты арттыру. Жыл басынан бері облыста 439 мыңнан астам жылдамдықты шектен тыс асыру дерегі анықталып, құқық бұзушы жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылған.

Мәселен, патрульдік полиция Шымкент – Самара тасжолында автоматтандырылған жылдамдық өлшегіш “Автоураган” кешенімен қызмет атқару кезінде сағатына 60 шақырыммен басқару керек жолда 102 шақырыммен басқарған Hyundai Polisade көлік жүргізушісін анықтады. Жүргізуші жауапқа тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді