Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңның іске асырылу барысы талқыланды

Астанада
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның іске асырылу барысына арналған брифинг өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев, сондай-ақ Қазақстан хоккей федерациясының өкілі Рустам Ибраев қатысты. Брифинг барысында қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес спорттың басым түрлерінің тізбесі айқындалғанын атап өтті. Оған олимпиадалық спорт түрлерімен қоса ұлттық спорт түрлері де енгізілді. Бұл олардың дамуы мен танымал болуына тең мүмкіндік береді. Брифингте саланы басқару жүйесін жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Басты жаңалықтардың бірі ретінде вертикальды басқаруды атап өтуге болады. Енді өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармалары Туризм және спорт министрлігіне тікелей байланыста болады. Мұндай тәсіл үйлестірудің тиімділігін арттыруға, функциялардың қайталануын болдырмауға және спорт саласын дамытудың бірыңғай стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа заңнаманың маңызды бағыты – бюджет шығыстарын оңтайландыру. Құжатта легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу және кәсіби спорт клубтарына лимиттер енгізу қарастырылған. Бұл шаралар ресурстарды тиімді пайдалануға, отандық спортшыларды қолдауға және қаржы процестерінің ашықтығын арттыруға бағытталған.

«Бүгін біз Қазақстандағы спорттың тұрақты дамуына негізгі бағытты қалыптастырудамыз. Ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спорт түрлерімен тең мәртебеге ие болуда, басқару вертикалі енгізілді, ал бюджет қаражаты тиімді жұмсалатын болады. Бұл қадамдардың барлығы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып, салауатты ұлт қалыптастыруға және елдің халықаралық беделін арттыруға бағытталған», – деді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті